Нүкенова Баталовтың көңілдесі болған ба? Салтанаттың өзі видеода жауап берген

Көркем Алдабергенова 25 сәу. 2024 09:28 5466

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасы мен кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәселеге нүкте қойды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айтбек Амангелді сот отырысынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирге шығып, "Салтанат Баталовтың көңілдесі болған ба?" деген сұраққа жауап берді. 

"Бүгін басты сот тергеуі аяқталды. Бүгін біз бейнежазбаларды қайта қарадық және мен қазір тек бір мәселені талқылап, нүктесін қойғым келеді. Өйткені бұл тақырып өте маңызды. Мен бұл туралы соңғы рет айтып отырмын деп үміттенемін. Мен қазір Линара (Баталовтың әйелі) және Райымбек Баталовқа хейт кетіп жатқанын білемін. Мен олар да сот отырысынан зардап шеккен басқа да тараптар секілді жәбірленуші деп ойлаймын. (...) Кеше біз телефоннан бейнежазбаны қараған кезде судья вилеолардың аяқ жағын ғана қойды, сондықтан көпшілік түсінбей қалды. Видеоның басында Салтанат ұзақ уақыт бойы өзіне қойылған сұрақтарға нақты жауап береді, ал айыпталушы сұрақтың жауабы өзіне ыңғайлы болмайынша қайталап қоя берді", - дейді Салтанаттың ағасы. 

24 сәуірде өткен сот отырысында қайғылы оқиға болған күні түсірілген видеолар қайтадан көрсетілген болатын. Ол жерде Бишімбаев Салтанаттан "Баталовтың көңілдесі болдың ба?" деп қайта-қайта сұрайды. 

Айтбек Амангелді көрсеткен бейнежазбада Салтанат танымал кәсіпкер Райымбек Баталовпен өзін ешнәрсе байланыстырмайтынын, араларында ешнәрсе жоғын нақты айтады.

"Мен бұдан басқа қандай түсініктеме, дәлел қажет екенін білмеймін. Шынымды айтсам маған бәрібір. Сот аясында біз бәрін дәлелдедік. Видеоның бұл бөлігі неліктен тікелей эфирде естілмегенін білмеймін. Өйткені біз адамдар Салтанаттың дауысын естуі үшін әдейі осы видеоны тыңдауға қойған болатынбыз. Сондықтан бұл жай ғана - факт. Ол ауру сұрағына жауап алу үшін оны түні бойы азаптады. Мен оның неге Райымбек Баталовқа сонша қызғанышпен қарайтынын білмеймін, түсінбеймін. Бірақ мен мәселе оның басында, миында екенін білемін. Ол өзіне қызғануға себеп ойлап тауып, мотив жасады. Кеше маған көптеген адам Салтанатты түсінде көргенін, түс бойынша Салтанат сот залында отырғанын жазды. Олардың айтуынша, осындай түсті біз сотта видеоларды көріп бастағаннан бір түн бұрын бірнеше адам бір уақытта көрген. Түсте Салтанат бүгін жеңіс болатынын айтқан. Айтпақшы, ең басында, менен жауап алған кезде, мен адвокатқа егер Салта қазір тірі болса, сотталушы Салтанатты тіпті адвокаттан қызғанатынын айтқан едім. Бұл сотталушының жеке мәселесі, ауытқушылығы", - деп қорытындылады Айтбек Амангелді. 

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Райымбек Баталовтың өзі де бұл ақпараттарды теріске шығарған болатын

Баталов сот отырысына қатысты соңына дейін үн қатқысы келмегенін айтты. Оның сөзінше, атына нұқсан келтіретін сұмдық ақпараттар мәлімдеме жасауға мәжбүр еткен.

"Ауыр қылмыс жасады деген айыпталушының маған қатысты айтқаны - бос сандырақ, өтірік. Сіздерді бұл өтірікке сенбеуге, БАҚ өкілдері мен блогерлерді жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Осындай қайғыға тап болған Салтанаттың туыстары мен жақындары қызының абыройын қорғауға мәжбүр болғаны өте өкінішті. Бұл сұмдық. Нүкеновтар отбасына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Баталов.

Бұған дейін кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова да Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірген еді. 

"Мен болған жайтқа қатысты пікір білдірсем деп едім. Себебі менің инстаграмым "жарылайын" деп тұр. Кеше ел болып атышулы процеске куә болдық. Процесс 1 сәуірге сәйкес келіп қалды. Оның мазмұны да соған сай болған секілді. Біз атышулы істі емес, "Пусть говорят" шоуын көріп отырғандай болдық. Сотта менің отбасымның абыройына нұқсан келтірген негізсіз, ойға қонымсыз нәрселерге қатысты не дерімді білмеймін. Салтанаттың жақындарына сабыр мен күш-қуат тілеймін және әділдік орнайды деп сенемін. Біз сіздермен біргеміз", - дейді Ленара Баталова. 

Райымбек Баталов - құрамына Raimbek Agro, Raimbek Group Plus, City Fair Trade ltd, Raimbek Bottlers Group компаниялары кіретін Raimbek Group холдингінің иесі және директорлар кеңесінің төрағасы.

Қазіргі таңда "Атамекен" төралқасының төрағасы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар