Н.Назарбаев: "Осы күндері ары кетсе 3-4 сағат қана ұйықтап жүрмін"

Dalanews 11 қар. 2016 04:52 844

Нұрсұлтан Назарбаев сырқаттанып қалған кезінде қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтып, тығыз жұмыс кестесі жайлы да әңгімелеп берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір ай бұрын менің салқын тиіп сырқаттынып қалғаным жайлы халыққа айтқанда мен қазақстандықтардың мыңдаған тілектерін оқып шықтым. Осы сәтті пайдалана отырып Интернетте, сайттарда жазылған, блогерлердің жазған тілектеріне және барлығына алғыс айтамын. Салқын тиіп сырқаттанып қалғаным жайлы айтуға тура келді, себебі халықаралық сапарларды - Әзірбайжан мен Арменияға жоспарланған сапарымды кейінге шегеру керек болды. Себебі адам дене температурасы мен жөтел бола тұра, бір жаққа бара алмайды ғой", - деді ҚР Президенті Сеулдегі сапарының қорытындысы бойынша журналистерге арналған брифингте.

"Маған жандарыныз ашып, тілектестік білдіргендеріңіз үшін көп рақмет", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысына оның жұмыстың мұндай қарқынына қалай ілесіп жүргенін, яғни бірден екі сапарға баруға қалай үлгеріп жүргені жайлы сұрақ қойылды.

"Әрдайым сергек болу керек. Мен командирдың әрқашан алда болып, денсаулығы мықты болу керектігін білемін. Президенттің жұмысы осындай, өзінді толықтай жұмысқа арнау қажет, жұмыстан тыс уақытта да. Осылай ғана тапсырылған міндеттерді орындауға болады", - деді Назарбаев.

Еске сала кетейік, 11 қазанда Назарбаевтың салқын тиіп сырқаттанып қалғаны хабарланған болатын. "Салқын тиіп сырқаттанып қалуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ем қабылдауда", - делінген еді Ақорданың хабарламасында. 



"Мен қызмет үстінде жүрмін, бұл менің жұмысым, сондықтан да жұмыстан, жауапкершіліктен шаршамаймын. Бұл халқымның, елімнің алдындағы жауапкершілік. Өзге елдерге барғанда басқа уақыт белбеуіне өту өз алдына. Бір байқағаным, батысқа барғанша, шығысқа бару оңайырақ. Әрине, шаршап, ұйқы қанбайды. Осы күндері ары кетсе 3-4 сағат қана ұйықтап жүрмін. Ерте жатсам да, ұйқы жоқ. Бұл бір жағынан жақсы да шығар - бейімделудің қажеті болмайды, өз уақытымызды қаламыз. Ми үнемі жұмыс істеп тұрады, күрделі келіссөздер жүргізу керек, оның нәтижелі болып аяқталуы маңызды. (...) Әлем ісіне, ядролық қарудан бас тарту ісіне адал болуымыздың арқасында көптеген елдің құрметіне ие болдық, сондықтан шаршамаймын", - деді Мемлекет басшысы Сеул қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифингте.

Оған қойылған сұрақтың мәні Президенттің екі бірдей сапарды қалай жасайтыны, осындай тығыз жұмыс кестесіне қалай шыдайтыны жайында еді.

Ол Президент әрдайым сергек болуы керек деп есептейді.

"Командир ақбозатымен әрдайым алда әрі сау жүруі керек, президенттің жұмысы осындай, жұмысқа өзіңді арнауың керек, бар уақытыңды, денсаулығыңды арнайсың, жұмыстан тыс уақытта да. Осылай ғана тапсырылған міндеттерді орындай аламын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар