Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлдарымен байланысты Ресейдегі «Новоджамбульский фосфорный завод» компаниясының активтеріне шектеу қойылды. Бұл компанияның қарыздарымен байланысты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Кемерово облысының төрелік соты "Горнорудная компания" ЖШҚ-ның өтініштерін қанағаттандырып, "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға және Мәскеудегі "Москоммерцбанк" коммерциялық банкі "Новоджамбульский фосфорный завод" ЖШС-нің (НДФЗ) ақшалай қаражатына шектеу қойды. Екі елдегі банкте шектеу қойылған сомалар - 196,33 миллион рубль және 513,23 миллион рубль", - деп хабарлайды ресейлік "Коммерсант" басылымы.
Сот материалдарында осы талаптар бойынша алдын ала отырыстар 22 сәуірге және 29 мамырға жоспарланған.
"Өндіріп алу қазақстандық серіктестің тау-кен компаниясымен келісімшарттары бойынша берешегіне байланысты жүргізіледі. Оның веб-сайтында ол көміртекті коксты жеткізетіні көрсетілген. "НДЗФ" ЖШС фосфаттарды өндіреді және оларды тыңайтқыштар мен басқа да өнімдерге өңдейді", - делінген басылым материалында.
Бұған дейін Ресейде Нығматулиннің ұлдарымен байланысты компаниялардың шоты бұғатталғанын жазған болатынбыз. "НДФЗ" ЖШС-нің ағымдағы шотында (...) және басқа ағымдағы шоттарда орналасқан және алынған 158 851 237,80 рубль қаражат бұғатталсын", - делінген Кемерово облысындағы Арбитраж сотының хабарламасында.
Батыс Сібір электрометаллургиялық комбинаты Новоджамбул фосфор зауытын сотқа берген. Зауыт қандай себептермен сотқа шағымдануға шешім қабылдағаны белгісіз, бірақ әңгіме қарызды өндіру туралы болуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Нығматулиннің туған бауыры Ерлан Нығматулиннің басы дауға қалған болатын. Қарағандылық кәсіпкер Алексей Лукьянченко Ерлан Нығматулин әлі күнге дейін рейдерлік шабуыл жасап жүргенін айтты. Алексей Лукьянченко рейдерлік шабуыл ісі бойынша қылмыстық іс қозғалуы керегін айтады. Сонымен қатар, кәсіпкердің сөзінше, Қарағанды облысында Нығматулиндердің ықпалы әлі де зор. Ол Нығматулиндер аймақтағы туристік саланы өз қолына алғысы келетінін айтады.