Неткен махаббат! Құлсарыдағы қос ғашықтың тағдыры жұрттың жүрегін елжіретті

Dalanews 29 там. 2016 06:42 806

Атырау облысы Құлсары қаласында тұратын мына суреттегі екі ғашықтың махаббаты әлеуметтік желідегі қауымды таң қалдырыпты. Әнел есімді қыз 16 жасқа жеткенде қатты сырқаттанып қалады. Ол жеті жыл бойы өмір үшін күресіп, өмір мен өлімнің ортасында жүрген.  

2

Бұл туралы tumba.kz сайты жазады.

Осы жеті жыл бойы мектеп кезінде танысқан ғашығы оның жанында болыпты. Мәрлен сүйіктісінің қасынан қарыс қадам ұзап шықпаған. Сүйіктісін күтіп бағып, Әнел сыртқа шыққанда салмағы 10 келі тартатын оттегі баллонын Мәрлен көтеріп жүрген. Себебі, сүйіктісі тек сол арқылы демалған. Тіпті, ауруханада да бірге жатыпты. Әрдайым қапалағанған сүйіктісінің көңілін көтеруге тырысқан.

3

«Қазір менің жасым 23-те. Атырауда тұрамын. Жоғары білімім бар. Университетті қызыл дипломға бітіргенмін. Алайда қазір жұмыс істемеймін. 2009 жылы қатты ауырып қалдым. Өкпемнің жартысын алып тастады, ал екіншісі тек 30 пайызға жұмыс істеді. Осы себепті мен оттегі баллонымен тыныстауға мәжбүр болдым.  Бірнеше ота жасады, менің диагнозымды көп уақытқа дейін анықтай алмады. Бірнеше рет жансақтау бөліміне түстім», – деп пікір берген екен Tengrinews.kz-ке Әнел.

4

«Аурумен ұзақ күрестік. Көп жыладым. Бірақ қазір мұның бәрі артта қалды деген сенімдемін. Себебі, соңғы операция сәтті өтті. Менің тірі қалуым неғайбыл еді. Дәрігерлер «тірі қалу мүмкіндігің 30 пайыздан аспайды» деді. Шынымен де, тәуекел көп еді. Бірақ ота жасауға рұқсат бердім. Қарағандыдан келген хирург Аманжол Алданұлына айтар алғысым зор. Ол менің жүрегім мен өкпемді орнына қойып берді. Әрине, өпкем 100 пайызға жұмыс істеп тұрған жоқ. Бірақ бастысы, ауруымды жеңдім. Уақыт өте келе толықтай айығарыма сенімдімін. Ал оттегі баллонын қазір өте сирек қолданамын» дейді Әнел.

5

«Алдымен Аллаға, одан кейін ата-анама разылық айтамын. Олар мен үшін көп уайымдады, күні-түні көз ілген жоқ. Әрине, өзімнің сүйіктіме айтар алғысым шексіз. Қазір мен ел қатарлы өмір сүргім келеді. Бақытты болғым келеді. Сырқаттанып қалған жандарға айтарым, ешқашанда берілмеңдер. Алдыға жүру керек. Өзіңе сенген маңызды» дейді Әнел.

6

Дереккөз: kaz.365info.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар