Несиеге өз еркімен тыйым салу қызметін айналып өтетін жаңа алаяқтық схема қазақстандықтарға қауіп төндіруде

Асель Қайратқызы 15 қаз. 2025 11:50

  Полиция алаяқтардың жаңа айласын тіркей бастады- қылмыскерлер азаматтарды өз аттарынан несие алуға тыйым салу шектеуін (самозапрет) алып тастауға мәжбүрлейді. Мұндай қақпанға қазақстандықтар да түсіп қалуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алаяқтар қарапайым азаматтарды алдау үшін үнемі жаңа қылмыстық тәсілдерді ойлап табуда. Жуырда ғана олардың «Стоп кредит» атты қорғаныс тетігіне бейімделіп алғаны белгілі болды.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, алаяқтар салық қызметінің атынан қоңырау шалып, адамға қарызы бар екенін немесе кредиттік  тарихында қате кеткенін айтады. Сол мәселені шешу үшін олар несие рәсімдеуге қойылған жеке шектеуді (самозапретті) алып тастауды сұрайды.

Қазақстанда да «Стоп кредит» деп аталатын несиеден бас тарту тетігі бар. Сондықтан алаяқтардың құрбанына қазақстандықтар да айналуы әбден мүмкін.

Қылмыскерлердің құрбанына айналмау үшін қазақстандықтар мынаны есте сақтауы керек: ешбір мемлекеттік орган, банк немесе басқа да ешқандай мекеме азаматты «банктік несие мен микрокредиттерден ерікті түрде бас тарту» қызметін өшіруге мәжбүрлей алмайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар