Неміс биологы коронавирустың қашан тоқтауы мүмкін екенін айтты

Dalanews 28 қаң. 2020 05:06 852

Қытайдан бастау алған коронавирусты дүниежүзі ғалымдары әлі зерттеу үстінде. Жаңа індетті зерттеуге белсене қатысып жатқан немістің беделді биолог-ғалымы Рольф Хильгенфельд коронавирус таралуы алты айға дейін созылатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі nature.com сайтына сілтеме жасап.

Әзірше вирусолог ғалымдар жаңа індетті  коронавирустар тобына жататынын және оның тыныс алу жолдаы арқылы тез тарайтынын анықталып отыр.

Қазіргі таңда ғалымдар аталмыш індетті жұқтырған адамдардың оның белгілерінсіз қаншалықты тарайтына баса мән беруде.

Айталық, мамандар Қытайдың Шэньчжэн қаласында індетке шылдыққан отбасын бақылауға алғанда жас баланың вирусті жұқтырса да, оның бойында індеттің ешқандай (тұмау, тамақ ісу) белгілері байқалмағанына көз жеткізген.


Ғалымдар індетке шалдыққан адамдардың бойында вирустың белгілері байқалмаған күнде жұртпен еркін араласса, вирустың таралу қауіпі арта түсетінін алға тартып, қауіптеніп отыр. Мұндай жағдайда індеттің қаншалықты аумаққа таралғанын анықтау қиынға соағатыны белгілі.

Қазіргі таңда дүниежүзінің ғалымдары тізе қосып, коронавирусты жан-жақты зерттеуде. Індеттің генетикалық құрылымына қатысты белеглі болған ақпараттар індетті жұқтырған адамдарды тез арада дигностикалау ісіне септігін тигізіп жатқанын айта кетуіміз керек.


Коронавирусты зерттеуді дүниежүзі ғалымдардың бұлайша ұйымшылдықпен кірісіп, бір-бірімен ашық түрде ақпарат алмасуы бұрын соңды болған. Осы ретте коронавирусты зерттеп жатқан немістің беделді биолог Рольф Хильгенфельд коронавирус таралуы алты айға дейін созылатынын айтты.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар