Нелли Краснобаева: «Ұлтаралық қатынастар саласындағы ғылыми зерттеулерге ерекше көңіл бөлу керек»

Dalanews 27 сәу. 2023 15:05 703

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау тұрғысында қойған міндеттері туралы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жетекші ғылыми қызметкері Нелли Аманжолов бөлісті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде шешуді қажет ететін өзекті мәселелер көтерілді.

Ассамблея маңызды қоғамдық-саяси институт болып, шынайы демократиялық қағидаттар мен құндылықтарды іс жүзінде жүзеге асыратыны және оның одан әрі дамуы үшін зор әлеуеті бар екені атап өтілді.

– Президенттің сөздері саяси, әлеуметтік, экономикалық, этнодемографиялық, мәдени факторлардың жаңа үйлесімдері қалыптасып, сын-қатерлерге жедел ден қоюды талап ететін заманауи жағдайда ерекше өзекті болып отыр.


Осы орайда этносаралық қатынастар саласындағы ғылыми зерттеулерге баса назар аудару қажет.

Бұл жерде салмақты ғылыми көзқарас пен ғылыми-сараптамалық жұмыстың практикалық қайтарымы қажет. Сонымен қатар, өңірлердегі жұмыс тәжірибесін, этномәдени бірлестіктердің өзара әрекеттесу ерекшеліктерін, түйткілді мәселелер мен оларды шешудің ықтимал жолдарын қарастыру қажет, – деді Нелли Краснобаева.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар