Әкімнің айтуынша, оның орнына Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылады.
Қазір Алматыда жасалып жатқан ол ескерткіш бір-екі айдан кейін дайын болады екен. Биіктігі – 9 метр, ал құны 300 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Әкім ескерткішті Талдықорған қаласының орталығына орнату қажеттігін айтса, жергілікті тұрғын оны Абай көшесіне қоюды ұсынған.
Бейбіт Исаев бұл ұсынысты жұрттың көбі қолдап жатса, құлақ асуға дайын екенін айтты. Ол үшін қала тұрғындары қол жинауы керек.