"Назарбаевтың әмияны" болған Владимир Кимнің зауытында адам қайтыс болды

Көркем Алдабергенова 20 қыр. 2024 09:43 3991

Абай облысындағы Орлов шахтасында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

19 қыркүйекте шамамен сағат 14.20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын ала анықталған себебі – тау-кен массасының опырылуы.

Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтқан.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды.

KAZ Minerals тобы қаза болған қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсететінін айтты.

Айта кетейік,KAZ Minerals-тың ең ірі акционері - қазақстандық танымал олигарх, бір кездері "Назарбаевтың әмияны" болған Владимир Ким. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар