Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі ресейлік банк алғашқы жартыжылдықта рекордтық пайда тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Nege.kz мәліметінше, Азия-Тынық мұхиты банкі 2025 жылдың алғашқы 6 айын 8,8 млрд рубль таза пайдамен аяқтады. Бұл есеп бойынша 57,4 млрд теңге. Жалғыз акционер – Назарбаев қоры – әзірге дивиденд алмай отыр. Соның нәтижесінде банктің бөлінбеген пайдасы 29,36 млрд рубльге немесе 191 млрд теңгеге жеткен.
Осылайша, 4 жылдың ішінде Назарбаев банкті 14 млрд рубльге сатып алған инвестициясын қайтарып қана қоймай, үстінен тағы 15 млрд рубль пайда көрді.
Ең бастысы, дереккөздің хабарлауынша, Вашингтонда АТБ-ға санкция салынбайтынына кепілдік берілген.