Назарбаев «Яссы» ботаникалық бағын дамыту жоспарымен танысты

Назарбаев «Яссы» ботаникалық бағын дамыту жоспарымен танысты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары барысында ботаникалық бақтың даму жоспарымен танысты. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру жобасын жүзеге асыру туралы баяндалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Яссы» ботаникалық бағының жалпы ауданы 7,7 гектар. Бақтың орталық бөлігі раушан гүлдерден және аршадан жасалған ислам ою-өрнектері бейнесіндегі үлкен лабиринтпен безендірілген. Саябақ ішінде раушан гүлдерден ислам паттерндеріне ұқсас гүлзарлар бар.

Бұл жерге мыңға жуық ағаш егілген, оның 800-ден астамы шие, алма, талшын, долана, қызғалдақ ағашы сынды гүлдейтін сәнді өсімдіктер.