Назарбаев Университетінің экс-президенті Шигео Катсу досының стартапына 33 миллион доллар инвестициялаған, Алайда инвестициясы сәтсіз болған, деп хабарлайды Dalanews.kz Bes.media-ға сілтеме жасап.
Назарбаев Университеті (НУ) 14% акциясын сатып алған американдық медициналық стартап Heartstitch он жыл бойы университетке бірде-бір цент дивиденд төлемеген.
Бұрынғы президент Шигео Катсу бұл стартапқа 33 миллион доллар инвестиция салғанын Жоғары аудиторлық палатаға (ЖАП) жақын дереккөздер хабарлады. 2024 жылдың соңында аяқталған аудит қорытындысы бойынша, НУ-дың кейбір қаржылық салымдары тиімсіз деп танылған.
Аудиторлар университеттің 2015 жылғы инвестициялық шешімдерін қайта қарау қажеттігін атап өтті. 2018-2022 жылдар аралығында Катсу Heartstitch стартапының акцияларына миллиондаған доллар құйған. Бұл компания Шигео Катсудың досы Энтони Ноблсқа тиесілі, ол медициналық жабдық өндіруді жоспарлаған.
Алайда, ЖАП есебіне сәйкес, осы уақыт ішінде Назарбаев Университеті бұл инвестициядан ешқандай пайда көрмеген.
Қызығы, Ноблстың қызметі туралы сын материалдар бұдан да ертерек жарияланған.
2014 жылы “Профессор доктор Энтони Ноблстың құрылуы” атты мақала жарық көрген. Бұл зерттеуде оның “престижді” білімі мен ғылыми дәрежелерінің шын мәнінде онлайн мектептерден сатып алынғаны, сондай-ақ оның жобаларына тартылған инвестициялардың табыс әкелмейтіні көрсетілген.
Катсу бұл материалдан хабардар болды ма, жоқ па – белгісіз. Бірақ ол бұл стартапқа қаржы құйғаннан кейін университет ешқандай табыс көрмеген.
Бүгінде Назарбаев Университетінің бұл мәселеге байланысты қандай шаралар қабылдайтыны белгісіз. Қаржының тиімсіз жұмсалуы инвестициялық қателік пе, әлде жоспарлы сызба ма – бұл да ашық сұрақ күйінде қалып отыр.
Алайда, миллиондаған доллар жұмсалғанымен, Heartstitch университетке пайда әкелмегені – факт.