15 тамыз күні Назарбаев Университеті аумағынан 22 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz Kopsoz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, ол жатақхананың 12-қабатынан құлаған.
Қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Екі ай бұрын осы оқу орнында тағы бір студент қыздың мәйіті табылған еді.
Ол кезде себеп ретінде оқудағы қиындықтар айтылған.
Еске салайық, бұған дейін 30 шілдеде Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат ғимаратында қайғылы жағдай болған еді. Бірінші курс студенті 14-қабаттан құлап, қаза тапты.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.