Назарбаев: «Төлей алмасаң, несие алма»

Dalanews 12 сәу. 2017 00:37 633

Ұлттық банктің жұмыс қорытындысын талқылау кезінде Үкімет пен екінші деңгейлі банктерге қазақстандықтарды масылдық әдетінен қайтаруды тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

– Қайта қаржыландыру бағдарламаларына 130 миллиарда теңге жұмсайтынбыз. Қазір 21 мың адал емес қарыз алушы бар. 19,5 мың адамға қарыз төлеу жеңілдетілді, – дейді Назарбаев.  ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев осы мәселеге қатысты өз ойын айтты.

– Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл мәселе бойынша екі пікір бар. Біріншісі – көмектесу керек. Екнішсі – көмектесу арқылы масылдыққа үйретеміз, – дейді ол.

– Негізі несие төлемеу бұл қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Бізде мұны ешкім түсінбейді. Төлей алмасаң, несие алма. Алдың ба, қайтару керек. әркім өз ісіне жауапты болу керек. Ешкім ипотекалық кредит ал деп зорлаған жоқ. Мемлекетке қаржы құятын сала жетерлік, осы халық үшін, эконмиканы дамытып, иидустриаландырумыз керек. Сондықтан мұны қатаңдату қажет, тексеру керек, – деді Елбасы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар