Freedom Inside '26

Назарбаев қоры КТК-дан биыл да дивиденд алмайды

Назарбаев қоры КТК-дан биыл да дивиденд алмайды
Фото: kbtu.edu.kz

КТК акционерлері 2025 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады. Бұған компанияның өткен жылғы шығынмен аяқтауы себеп болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Nege.Aqsha мәліметінше, 28 мамырда өткен акционерлер жиналысының шешіміне сәйкес, 2025 жылғы таза табыс бөлінбейді. Осылайша КТК жай акциялары бойынша дивиденд төлеу қатарынан төртінші жыл тоқтатылып отыр. Бұған дейін де 2022, 2023 және 2024 жылдардың қорытындысы бойынша төлем жасалмаған.

Сондай-ақ акционерлер директорлар кеңесінің мүшелеріне, бас директорға және басқарушы құрамға 2025 жылдың нәтижесі үшін сыйақы төлемеу жөнінде шешім шығарды.

Дегенмен артықшылықты акциялар бойынша төлем сақталады. Әр акцияға 100 теңгеден дивиденд төлеу көзделген. Мұндай акциялардың саны 500 болғандықтан, жалпы төлем көлемі 50 мың теңгені құрайды.

Айта кетейік, КТК-ның ірі акционерлерінің бірі – Нұрсұлтан Назарбаев қоры.