Назарбаев қазақты жойғысы келген алпауыттармен не жайлы келіскен?

Көркем Алдабергенова 12 нау. 2024 10:36 4059

Физика, математика ғылымдарының кандидаты, профессор, исламтанушы Тұрсынбек қажы Елдесбай пандемия және вакцина салу қазақ халқын жою үшін жасалған нәрсе екенін айтады. Алайда, оның сөзінше, қазір жағдай өзгерген. Бұл туралы профессор "Қоғам арнасы" YouTube-арнасында айтып берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Профессордың сөзінше, экс президент Назарбаев осы мәселеге қатысты алпауыттармен келісімге келген.

"Назарбаев ақшаның қожайындарымен келіскен. "Жердің астындағы байлықты ал, үстіндегі байлықты ал. Бірақ біздің халқымызды қырып тастама" деп келісімге келгені бар. Бұл маған белгілі, оны ешкім ашып айта бермейді", - дейді профессор.

Тұрсынбек қажы Елдесбайдың сөзінше, мұның бәрі Назарбаев туралы әлі жарыққа шықпаған кітапта айтылған көрінеді. Алайда кітап әлі жарыққа шықпағандықтан бұл туралы ашып айтуға әлі құқығы жоқ екен.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар