Назарбаев билікті Үкімет пен Парламентке тең бөліп бермек

Dalanews 12 қаң. 2017 04:26 711

Еліміз басқарудың жаңа жүйесіне ауысатын болды. Нұрсұлтан Назарбаев билікті бөлу жайын қайта қарауды тапсырып, осы шаруаны іске асыру үшін жұмыс тобын құруға пәрмен берді.

Оны президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков басқармақ. Сондай-ақ жұмыс тобының құрамына Парламент, Үкімет пен Жоғарғы соттың өкілдері кіреді. Олар билік жүйесінің құзіретін қайта қарап шығуы тиіс.

Кейін қажет болса, өзгерістер енгізіп, еліміз басқарудың жаңа жүйесіне ауысады. Яғни президент, билігінің біраз бөлігін Үкімет пен Парламентке теңдей бөліп беруі мүмкін.

Дереккөз: КТК арнасы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар