"Жасырары жоқ, менің жасымда бәрін тастап кеткің-ақ келеді, алайда кете алмай жүрмін. Себебі маған еліміздің түкпір-түкпірінен хат жолдап, жүздесуді сұрайды. Ақыл-кеңесімді тыңдағысы келеді. Сондықтан жұмыс істеуіме тура келіп тұр.
Хаттар тек ел ішінен емес, әлем әр қиырынан келіп жатады. Алыс-алыс елдерден жеткен үшбу хаттар қаншама.
Оның үстіне күнделікті белсенділік адамның ойлау жүйесіне де пайдалы. Мидың қалыпты деңгейде жұмыс істеуін баяулатпау үшін тағы басқа да шаруалармен айналысу қажет.
Айталық, көп жағдайда біз миымыздың бір жақ қабатымен ғана жұмыс істейміз, мидың сол жақ қабатын қозғау үшін ара-тұра сол қолмен жазу керек", – деді экс-президент "Штрихи к портрету" деректі фильмінде.
Бұған қоса, ол музыкалық аспаптарда ойнау ми жұмысына оң әсер ететінін айтты.
Осы бағдарламада Назарбаев өзінің ұзақ жылғы саяси оппоненті Серікболсын Әбділдин жайлы сөз қозғап, "ол өз амбициясының құрбаны" болды деген еді.
https://dalanews.kz/sadak/64318-ol-oz-ambiciiasynyng-qurbany-nazarbae