Freedom Inside '26

"Назарбаев 50 мың доллар көрімдік берді": Тұңғышбай Жаманқұлов ел естімеген құпиясын айтты

"Назарбаев 50 мың доллар көрімдік берді": Тұңғышбай Жаманқұлов ел естімеген құпиясын айтты
Dalanews.kz коллажы

Кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов 90-жылдары Әуезов театрына басшылық еткен кезеңін еске алды. Өнер иесі сол жылдары жас актерлерді баспаналы ету үшін бар мүмкіндігін пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы ол "Ең алғашқы" бағдарламасында баяндады.

Актердің сөзінше, 90-жылдар театр ұжымы үшін де, жалпы өнер саласы үшін де оңай болмаған. Сол кезде Әуезов театрына жетекшілік еткен Жаманқұлов жас әртістердің тұрмыстық жағдайын жақсартуға күш салған.

"Сол кездерде Әуезов театрына басшы болып тағайындалдым. 90-жылдар өте бір қиын кездер еді. Сол кезде мен барлық мүмкіндіктерімді пайдаланып, Әуезов театрындағы жастарға үй алып беруге білек шеше кірістім. Солардың ішінде Дулыға да бар. Бірде біздің спектакльге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Біздің қойған спектаклімізді көріп, өте қатты риза болды да, көрімдік беріп кетті. Ол 50 мың доллар болатын. Соған түгелдей он шақты пәтер сатып алдым да, бүкіл коллективке бір-бір айлықтан елбасымыздың берген сүйіншісінен сыйақы жасадым", – деп өткенді еске алды ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.