Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұлда қазақстандық азамат қаза тапқанын растады, деп хабарлайды dalanews.kz.
“Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста болып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Түркияның құзыретті органдары тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр”, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.
Оның айтуынша, бұл мәселе министрліктің бақылауында.
Бұған дейін түркиялық БАҚ Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық азамат қаза тапқанын хабарлаған еді. Қайғылы оқиға 25 қазанда таңертең болған. Алдын ала мәлімет бойынша қыз алтыншы қабаттағы пәтердің балконына шығып, одан көрші ғимараттың шатырына өткен. Кейін шатырдың ортасына қарай бет алған.
Болжам бойынша ол бос кеңістіктің үстіне орнатылған жабынды басқан. Алайда құрылым көтере алмай, қыз құлап кеткен.