Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты

Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты
видео кадры

Қостанайда Volkswagen Passat көлігі мен автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша 25 қазанда сағат 21:10 шамасында жеңіл көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, әрі қарай қозғалған.

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесі қиылысында ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, автобуспен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тауып, жолаушы ауруханаға жеткізілген. Автобуста 55 адам болған, оқиға орнында олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілген.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.