Наркенже Серікбаева өзі шағымданған филармония басшылығымен бітімге келді

Көркем Алдабергенова 24 мау. 2025 16:52

Әнші Наркенже Серікбаева өзі шағымданған филармония басшылығымен бітімге келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Армысыздар, Қазақ елі! Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқандарыңызға, рахмет! Алла разы болсын!

Бүгін мекемеге келіп, арнайы әкімшіліктен комиссия құрылып, Ғалымжан Ерназаров екеуміз бір-бірімізді түсіністік.  Бір-бірімізден кешірім сұрадық», - деді Наркенже Серікбаева

Филармония басшысының сөзінше, аталған мәселе бойынша арнайы комиссия келіп, екі тараптың арыз-талабын қарастырыған.

«Кешеден бері резонанс тудырған мәселе үшін кешірім сұраймыз! Әрбір үйдің мәселесі өз ішінде қалуы тиіс еді. Енді елге тарап кеткеннен кейін облыстық мәдениет басқармасынан және әкімшіліктен комиссия келді. Олар екеуміздің талаптарымызды, өтініштеріміз қарады. Бір-бірімізге қоятын мәселе жоқ.

Ешқандай дау-дамай және мәселені ушықтырып керек емес», - деді  Ғалымжан Ерназаров.

Бұған дейін Түркістан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі Наркенже Серікбаева мәдениет саласындағы түйткілдер мен басшылық тарапынан көрсетілген қысым туралы әлеуметтік желіде ашық жазба жариялаған еді. Өнер иесінің бұл мәлімдемесіне филармония директоры Ғалымжан Ерназаров жауап берген болатын

Айта кетейік, бұған дейін әнші Наркенже Серікпаева ашық мәлімдеме жасаған еді.

"Мен босқа шырылдап, хайп іздеп жүрген әнші емеспін. Өнерге жаным ашығандықтан ашынып айтамын. Шындық деп шырылдап жүрген қазақтың бір қызымын", – деді Серікпаева.

Ол өзі қызмет ететін филармонияны "қара шаңырақ" деп атады. Айтуынша, алдағы шілде айының 11-інде филармония ұжымы Испанияға концерттік бағдарламамен баруы тиіс. Алайда шетелге шығар алдында киім мәселесін көтергені үшін қысымға ұшырағанын мәлім етті.

"Сол жаққа барарда киім мәселесін реттеп беріңіз деген сөзім басшыға жақпай, қысым көрсетіп жатыр", – деді ол.

Әншінің айтуынша, филармония директоры Ғалымжан есімді азамат оған концертке қатыспайсың деп талап қойған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар