"Нақты нәтиже керек": Бектенов бірнеше шенеунікке ашық талап қойды

Сағыныш Сардарова 21 қаң. 2026 11:50

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін жариялаған ауқымды саяси реформаларының жалғасы болған бастамалар көтерілгенін атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сондай-ақ, негізгі міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігіне назар аударылды.

"Мемлекет басшысы әрбір жауапты лауазымды тұлғаға батыл әрі тосын инновациялық шешімдер қабылдау қажеттігі туралы қатаң талаптар қойды. Бұл өмірдің барлық саласына қатысты. Әрбір министр мен әкімнен, әрбір сала мен өңірде көзге көрінетіндей нақты нәтижелер керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Еске салайық, 20 қаңтарда Қызылордада Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove