Н. Тілеуқабыл. Киікқырылған...

Dalanews 27 мам. 2015 02:10 1053

Соңғы статистикалық деректерге сүйенсек, қырылған киіктердің саны 90 мыңнан асқан. Одан көп те болуы мүмкін. Аталған санымыз ары қарай арта түспесе, кемитін түрі жоқ. Бұл оқиға халық арасында үлкен аңыс қозғап, ақпарат құралдарының нысанасына айналып та үлгерді. Тіптен билік өкілдерін де қатты абыржытқан секілді. Бұл бұрындары да байқалған құбылыс. Бірақ олар жанартаудың ара-тұра шашатын аздаған магмасы мен күлі сияқты болатын. Яғни, биылғы киіктер жұтын алапат апат деп бағаламасқа шарамыз жоқ. Бұған себеп ретінде бірнеше түрлі көзқарас бар.

[caption id="attachment_10765" align="alignright" width="792"]1878fd0fde30ee7b78d8276241770801_XL Киіктер қырылып жатыр...[/caption]

Алғашқысы киіктердің қырылуына биылғы ауа райының құбылмалы болуы әсер еткен дегенге саятын қарапайм халықтың пікірі. Яғни, қыстан арық шыққан киіктер жаздың жауын-шашынды болуына байланысты азық табуы қиындаған. Ұзақ жыл зоотехник болып қызымет атқарған Сабыр деген ақсақалдың айтуынша: «Бұлайша жануарлардың жаппай өлім құшуы жауын-шашын көп болған жылдары бұрындары да кездескен. Ондай кезде шөбі дұрыс шыға қоймаған қыраттарға жаятын болған. Себебі, үздіксіз жауынның әсерінен қырық жылғы шөптер де шығады. Мұны мамандар жақсы біледі. Сол шөптердің арасында улылары да ұшырасады, алайда оны көп адам біле бермейді. Осыдан келіп көктемге енді жеткен мал болсын, ақбөкен болсын қырғынға ұшырайды. Сол себепті қазіргі күні тікұшақпен болса да ақбөкендерді басқа аймақтарға жайылымын ауыстыру керек. Жасаң жерлерге жайылған киіктер қырыла береді. Бұл өзі тіршілігі малмен бітеқайнасқан қазақтағы бұрыннан бар тәжірибе», – дейді. Бұл пікір қаншалықты орынды десек те, мұншалықты зор шығын әкеледі дегенге сену қиын.
Одан ары 1 тәулiк iшiнде су арқылы 80 шақырым және жел арқылы 300-400 шақырымға дейін жетеді. Ал осындай ракеталық жанармаймен ластанған жер мен суды 30 жыл iшiнде тазартпаса, аса қауiптi аймаққа айналады. Экологиялық нормативтер бойынша 1 текше метр атмосфера ауасында 1 микрограмм гептилдiң болуы – қоршаған ортаға қауiптi емес, (бұл, яғни 1 шақырымға – 1 кг гептилден келедi деген сөз), ал 1989 жылдан бастап шамамен 3 мың тоннадан аса гептил жанармайы қоршаған ортаға таралғанын ескерсек, бұл дегенiмiз еркiн даламыздың   200 000 текше метр ауасы гептилмен ластанғанын көрсетедi.

Енді бірі – қоғам белсенділері мен қоғамдық ұйымдар мүшелерінің жақтап, бірақ билік тайсақтаған пікір. Турасын айтқанда киіктердің қырылуына бірден-бір себеп Байқоңырдан ұшырылған зымырандардан тарайтын гептил әсер еткен. Қазақстандағы «Антигептил» экологиялық тобының мүшесі Мұсағали Дуамбеков «Азаттық» сайтына берген сұхбатында: «Менің ойымша, [Қазақстан] билік орындары жыл сайын жаппай қырылатын киік ажалының негізгі себебін жасырып отыр. [Ресейлік] «Протон» зымыранын ұшыруға қарсы «Антигептил» қозғалысының белсенді мүшесі ретінде мен, Қазақстанның көп бөлігіне үнемі уы әсер ететін зымырандардың да бұл оқиғаларға қатысы бар деген пікірдемін», – деп өз ойын ашық  білдіреді. Ал дәл осы сайтта ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мейірбек Молдабеков мырза сенатор Мұхтар Алтынбаевтың депудаттық сауалына: «Киіктер жаппай қырылды, бұл әрине экологиямен байланысты болуы мүмкін, сонымен қатар, ғарыш айлағымен, бірақ киіктердің қырылуын өңірлік шамада қарайтын болсақ, ол Қарағанды облысы Байқоңырдан алыс жерде орналасқан. Ал киіктердің қырылуы Қостанай, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында болып жатыр, сондықтан біз бұлардың арасында тікелей байланыс жоқ деп ойлаймыз, бірақ біз тексеру жүргіземіз» деген кері тұжырым айтады. Әйтсе де, бұл сөзінен өздерін ақтап алуға тырысқанымен, өз істеріне деген сенімсіздігі айқын байқалып тұр. Өйткені гептилдің қаншалықты улы екенін сіз бен бізден жақсы біледі ғой. М. Молдабеков мырзаның алға тартқанындай, Байқоңырдан Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе обылыстары қашықта орналасқан десек те, көңіліміздегі күдік айыға қоймайтыны түсінікті.

[caption id="attachment_10767" align="alignright" width="420"]КИ3к2 Жез киік, біздің жаққа қалай келдің?..[/caption]

“ЭКОСОС – экологиялық құқықтық орталығының” жетекшiсi, экологиялық құқық сарапшысы, Бақытжан Базарбек  мырзаның  «Жас алаш» газетінде берген сұхбатында  гептилден келетін қатер жан-жақты сөз болған. Гептил – химиялық жолмен алынатын органикалық қосынды, сұйықтық. Бұл - өте қауіпті заттардың бірі. Ол сұйық болғанымен, өте тез буланып кетеді. Сосын ауағад а тез таралады. Егер жер құрғақ болса, таралуы тіптен жылдамдай түседі. Ол суда да тез еритін қасиетке ие. Су арқылы да ұзаққа таралып кете береді. Жерге де сіңіп кете алады. Жер асты суына да жетуі мүмкін. Егер жер ылғал болса, онда топырақта көбірек қалады. Яғни, зиян келтіру жағынан әмбебап улы қосылыс. Және де арнайы құрылғылардың өзімен гептил төгілген жерді табу қиынға соғатынын ескерсеңіз,

ғарыш аппараты ұшқан кезде гептилдiң аэрозольдiк iздерi 500 шақырымға дейiн шашырап, ондағы атмосфералық ауадан бөлек жерасты сулары мен топырақ қабаты гептилдiң салдарынан ластанады. Одан ары 1 тәулiк iшiнде су арқылы 80 шақырым және жел арқылы 300-400 шақырымға дейін жетеді. Ал осындай ракеталық жанармаймен ластанған жер мен суды 30 жыл iшiнде тазартпаса, аса қауiптi аймаққа айналады. Экологиялық нормативтер бойынша 1 текше метр атмосфера ауасында 1 микрограмм гептилдiң болуы – қоршаған ортаға қауiптi емес, (бұл, яғни 1 шақырымға – 1 кг гептилден келедi деген сөз), ал 1989 жылдан бастап шамамен 3 мың тоннадан аса гептил жанармайы қоршаған ортаға таралғанын ескерсек, бұл дегенiмiз еркiн даламыздың   200 000 текше метр ауасы гептилмен ластанғанын көрсетедi.

Ғалымдардың анықтауынша, Амангелдi елдiмекенiнде гептилдiң топырақ бетiнде шоғырлануы бекiтiлген норматив шамаларынан 5 мың есе, Сарыайғыр қыстағында бұл көрсеткiш миллион есе асып кеткен. Ұлытау ауданының Базбаз қыстауында гептилдiң жерасты шоғырлануы жердiң беткi қабатынан 60-70 см тереңдiкке бойлап кетсе, кейбiр жерлерде 150 см-ден арыға кеткен. Өкiнiшке орай, гептилмен ластанған жерлер көбейе түскен, оның керi әсері бiр ғана Қызылорда мен Қарағанды облыстарын қамтып қана қоймай, ары қарай жайылу қаупi өте зор. Зымыран қалдықтарының шашырау аумағын алсақ, Қазақстан ғана емес, Ресейдiң Алтай, Тува, Хакасия, Саха республикалары, Қытай, Моңғолия, Солтүстiк және Оңтүстiк Корея мен Жапонияға дейiн тарайтыны дәлелденген. Байқоңырдан таралған улы заттар Қазақстанның басқа обылыстарына әсер етпейді дегенге қаншалықты сенуге болатынын енді өзіңіз таразылап көріңіз. Сіз ешқашан Байқоңырға барып көрмесеңіз де, одан таралған улы заттардың зиянды әсерін үйіңізде отырып-ақ көріп жатуыңыз әбден мүмкін. Ауа, су, топырақ, тіптен жер асты суларына дейін ластап жатқан гептил шөп арқылы киіктерге орасан қырғын әкелмейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. Біз де күдік келтіре алмаймыз.
Ертеректе үйір-үйірімен жосып жүретін тарпаң жылқылар мен талай батырдың тізесін дірілдетіп, күндей күркіреген жолбарыстарды еліміздің қай бұрышынан іздесеңіз де емге таппайсыз. Соңғы кездерде тау барысы, арқар, каспий итбалығы т.б. секілді түрлердің де қатары сиреуде. Олардың саны жүз қаралы ғана. Киіктерге келген қырғын оларға да тимесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Кейінгі ұрпақ оларды музейден немесе суреттен ғана көруі ықтимал.

Соңғысы киіктердің қырылуына басты себеп ретінде қаралған және биліктің де қолдауына ие болған пікір. Бұл тұжырым бойынша, киіктердің қырылуына Pasteurella («пастереллёз») ауруы себеп болған. Бірақ, Ұлыбританиядағы киіктерді қорғау және зерттеумен айналысатын экологтар желісі – киіктерді сақтау альянсын басқаратын Э. Милнер-Гулланд мырза: «Аңның жаппай қырылуына бактерия себеп болуы мүмкін, дегенмен киіктер ажалы басқадан болуы ықтимал. Әдетте Pasteurella бактериясынан басқа бір дертке шалдыққан әлжуаз хайуан ғана өледі. Pasteurella бактериясы бары анықталса да, жануардың ажалына негізгі себеп сол деуге болмайды. Бактериялар бұл жерде жанама себеп болуы мүмкін», – дегенді алға тартады. Демек, бұл пікірдің де толыққанды расталмағанын байқауға болады. Әйтсе де, билік тарапы халықаралық ұйымдарға құлаш-құлаш хат жазып, белді деген мамандарын қолқалап шақыртты. Олардың хаттарында Корольдік Ветеринария колледжінің өкілі Ричард Кох, Франкфурт Зоологиялық қоғамының өкілі Штефан Цутер және ФАО өкілі Сергей Хоменко секілді ғалымдар бар. Олардың қандай нәтиже жаратарын алдағы күндерде көретін боламыз.

Қалай десек те, киіктердің жаппай қырылуы бәрімізді қынжылтады. Кезінде қазақ даласында миллиондап өрген ақбөкендер адамдардың қанағатсыз озбырлығы кесірінен мыңдаған есеге дейін азаюына алып келді. Яғни, 20 мыңның аржақ, бержағында ғана ақбөкен қалды бір жылдары. Бірақ, әлемдік деңгейде көңіл бөлінуі себепті біртіндеп көбейе бастаған. Соңғы санақтар бойынша Орталық Азияда барлығы 260 мыңға жуық киік бар болса, олардың 200 мыңға жуығы Қазақстан территориясында. Негізінен еліміздің батыс және орталық аймағын мекендейді. Он есеге дейін көбейте алдық деп марқайғанымызбен, жойылып кетудің алдында тұрған популяция. Енді соның жартысынан айырылып қалдық. Әйгілі С. Сейфулиннің «Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім» деп жырлайтын даланың сұлу жаратылыстары көзімізден бұлбұл ұшуы ғажап емес. Онсызда қазақ даласы талай жауһарларынан айырылып қалғаны шындық қой. Ертеректе үйір-үйірімен жосып жүретін тарпаң жылқылар мен талай батырдың тізесін дірілдетіп, күндей күркіреген жолбарыстарды еліміздің қай бұрышынан іздесеңіз де емге таппайсыз. Соңғы кездерде тау барысы, арқар, каспий итбалығы т.б. секілді түрлердің де қатары сиреуде. Олардың саны жүз қаралы ғана. Киіктерге келген қырғын оларға да тимесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Кейінгі ұрпақ оларды музейден немесе суреттен ғана көруі ықтимал. Тек экономиканы қолдап, экологияны қағыс қалдыру ешкімге жақсылық әкелмесі анық. Қайтсек те киіктерді аман алып қалудың қамын жасауымыз керек.

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ




 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар