Freedom Inside '26

Мырзабосынов қазақстандық туристердің Өзбекстанға жаппай ағылып жатқанын жоққа шығарды

Мырзабосынов қазақстандық туристердің Өзбекстанға жаппай ағылып жатқанын жоққа шығарды
Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандықтардың демалыс үшін жаппай Өзбекстанды таңдап жатқаны туралы пікірмен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Журналистер Алакөл мен Балқаштағы қызмет сапасы мен инфрақұрылым мәселелеріне байланысты туристердің көрші елге бет бұрып жатқанын алға тартқан. Алайда министр бұл ойды жоққа шығарды. 

"Қазақстандықтардың барлығы Өзбекстанға немесе басқа елдерге демалуға кетіп жатыр деу дұрыс емес. Әр адам қайда демалатынын өзі шешеді. Бірі көрші елге баруды қаласа, бұл оның жеке таңдауы. Бірақ еліміздегі туристік орындарға деген сұраныс жоғары екенін көріп отырмыз", – деді Ербол Мырзабосынов.

Министрдің сөзінше, Таяу Шығыстағы ахуалдың күрделенуіне байланысты биыл ел ішіндегі курорттарға келетін демалушылар саны артуы мүмкін. Сондықтан өңірлер жазғы маусымға дайындалып, туристерге қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жүргізіп жатыр.