Биыл оқушылар наурызда 11 күн демалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің каникулдар кестесі бойынша, көктемгі демалыс 21 наурыздан 31 наурызға дейін созылып, жалпы саны 11 күнді құрады. Сәйкесінше, сабақ 1 сәуірден басталады.
Еске салайық, премьер-министрдің орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, биыл оқу жылының соңғы күні 25 мамыр болатынын атап өткен болатын. Осылайша мектеп оқушылары 26 мамырдан бастап үш айға созылатын жазғы каникулға шығады.