Министр Сүлейменова мұғалімдер үшін маңызды мәлімдеме жасады

Dalanews 09 қар. 2025 13:25

Соңғы уақыттарда қоғамда қызу талқыланып, ұстаздар тарапынан жиі сынға ұшыраған «Мақсатты мектеп» жобасы тоқтатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің қатысуымен өткен кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді. Жиында білім сапасын арттыру мен мектеп жүйесіндегі өзекті мәселелер кеңінен сөз болды.

Министрдің айтуынша, жоба мұғалімдерге қосымша жүктеме артып, олардың негізгі оқу-әдістемелік жұмысына кері әсерін тигізген. Бұдан бөлек, бастаманың нақты құқықтық негізі мен ресми құжаттары болмаған. Осы себепті жобаны тоқтату туралы шешім қабылданған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар