Бұл туралы Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
"Иә, дәп солай. 11 мамырдан бастап 42 500-ге өтініш қабылдауды доғардық.
Алайда мамырдың 11-іне дейінгі аралықта өтініш жіберген азаматтардың құжатын Еңбек министрлігі қарастырып шығады.
Егер бәрі дұрыс болса, оларға 42 500 төленеді", – деді Нұрымбетов.
Министрдің мәліметінше осы күнге дейін төлемді 4,5 млн адам алып үлгерген.