Министр Маржықпаев жұбайының Бурабайда қонақүйі барын айтты

Сағыныш Сардарова 14 мам. 2024 17:30 2409

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев отбасылық бизнесі бар екен айтты. Шенеуніктің сөзінше, мұның жоғары лауазымды қызметіне ешқандай қатысы жоқ, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкіметтегі брифингте министр Маржықпаев оның отбасы жеке бизнеспен айналысатынын растады.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, отбасымыз бизнеспен айналысады. Бірақ оның Туризм және спорт министрлігіне ешқандай қатысы жоқ.

Мемлекеттік қызметке келгенге дейін де, яғни 2008 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналыстық. Келер жылы бұл кәсіпорынға 30 жыл толады. Бұл кәсіпорын мен мемлекеттік қызметке келгенге дейін дамыған болатын", - деді министр.

Брифинг барысында журналистер министрдің әйелі Бурабайдағы қонақүйлер желісін иеленетін "Береке-Бурабай" ЖШС құрылтайшысы екенін де айтты.

"Министр мен шағын қонақүйлер арасында қандай мүдделер қайшылығы болуы мүмкін? Мұны қалай түсінуге болады? Бұл сұрақ үнемі қойылады, бірақ Туризм және спорт министрлігі мен сол нысандарды қалай байланыстыруға болатынын түсінбеймін", - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар