Миына күрделі ота жасалып жатыр: Бестеректе жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы қалай?

Сағыныш Сардарова 20 там. 2025 11:08

Абай облысы Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан тұратын мультидисциплиналық бригада диагностикалық зерттеу жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалап, жедел емдеу жоспарын жасаған.

"Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуінің жағдайы тұрақты ауыр. Балаларға бассүйек-ми жарақаты, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған. Балалардың жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды Астанаға әуе бортымен тасымалдау мәселесі шешіледі", - деп жазылған хабарламада.

Министрлік мәліметінше, дәрігерлер қазір науқастардың бірінің миына күрделі нейрохирургиялық ота жасап жатыр, ішкі ағзалардан кеткен қан тоқтатылған.

Еске салайық, бұған дейін Үржарда жүргізуші аулада отырған алты баланы қағып кеткені хабарланды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар