Мұнайлыға қатынайтын автобустар жаңартылады

Dalanews 15 қыр. 2021 08:59 910

Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына қатынайтын жолаушылар автобустары жаңартылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың соңына дейін №105 «Ақтау-Басқұдық-Маңғыстау» бағытындағы тасымалдаушы өз қаражаты есебінен DAEWOO BC211 маркалы заманауи 10 жаңа автобус сатып алады.

Облыста жолаушыларды тасымалдау 35 тұрақты маршрут, 200-ге жуық автобуспен жүзеге асырылуда. Қоғамдық көліктердің 40% астамының тозығы жеткен.

Жолаушыларды ыңғайлы әрі сапалы автобустармен қамту мақсатында былтырдан бері бірқатар шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, өткен жылы Ақтау қаласының автопаркі 18 жаңа автобуспен жаңарды. Биыл жолаушылар тасымалдаушысының бастамасымен Ақтау қаласына 2019 жылғы шыққан «Ankai» маркалы 30 жаңа көлік сатып алынды. Осылайша облыс орталығының автобус паркі 70%-ға жаңартылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар