Маңғыстау ауылы бойынша кәріз жүйесін ауыстыру жұмыстарының 80%-ы аяқталды. Қазір құрылыс «Бесшоқы» тұрғын үй массивінде жүріп жатыр.
– Көпқабатты үйлерден шыққан қалдық су бұрын Дәулет ауылының шетіне төгілетін. Енді Маңғыстау ауылын Ақтау қаласының жүйесіне қосуды жоспарлап отырмыз. Құрылыс жоспар бойынша 2023 жылға дейін бітуі тиіс. Бірақ қаржыландыру уақытылы жүрсе бұл жұмыстарды белгіленген мерзімінен бұрын тапсыруымыз мүмкін. Құрылыс аудан әкімінің жіті бақылауында, – деді Махмұт Қалжанов.