«Мұнай экспорты үштен екіге қысқарады». ЕуроОдақ Ресей мұнайын шектеуге қатысты ортақ келісімге келді

Dalanews 31 мам. 2022 01:45 772

Еуропа кеңестің басшысы Шарль Мишель өзінің Twitter парақшасында ЕуроОдақ елдері Ресей мұнайына шектеу қою бойынша ортақ келсімге келгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– ЕуроОдақ елдері Ресей мұнайының экпортына қатысты ортақ шешімге келді. Жаңа келсім бойынша Ресейдің ЕуроОдақ елдеріне экспорттап келген мұнайы үштен екіге қысқарады. Осылайша Кремльдің әскери машинасынан қаржыландыру ісі айтарлықтай төмендейтін болады. Біздер соғысты тоқтату үшін Ресейге экономикалық қысым жасауды жалғастыра беретін боламыз, – деп жазды Шарль Мишель өзінің Twitter парақшасында.

Еуропа кеңесінің төрағасы санкциялардың алтыншы пакетінде Ресейдің жанды жеріне тиетін өзге де экономикалық шектеулер бар екенін атап өтті.


Олар – Ресейдің негізгі банкы Сбербанкты SWIFT жүйесінен ажыртау, Кремльдің пропагандасымен айналысатын үш мемлекеттік арнасының хабар таратуын шектеу және Ресейдің Украинадағы әскери қылмысына жауапты саяси тұлғаларға санкция салынғанын атап айтуға болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар