Мұнай бағасы күрт құлдырады

Самал Асқар 08 сәу. 2026 16:52

Әлемдік нарықта мұнай бағасы шамамен 15%-ға төмендеді, деп хабарлайды Dala News.

Сарапшылардың мәліметінше, құлдырау АҚШ-тың Иранға соққыларды уақытша тоқтатқаны туралы жаңалықтар аясында жалғасып жатыр. Баға төмендеуі соңғы алты жылдағы ең жоғары қарқындардың бірі екені айтылды.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent crude маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері $15,35-ке (14,05%) арзандап, барреліне $93,92-ға дейін түскені хабарланды.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI crude oil маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері $18,29-ға (16,19%) құлдырап, барреліне $94,66 болғаны көрсетілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove