"Мүгедектерді қорлау": Жаңа реалити-шоу желіде дау тудырды

Қаракөз Амантай 15 ақп. 2024 11:22 2107

Мемлекет "Баспалдақ" реалити-шоуына тыйым салатын болды, деп хабарлайды Dalanews.kz DALA INSIDE телеграм арнасына сілтеп.

Арна мәліметінше, аяқ-қолы жоқ адамдар жалғыз протез үшін таласатын шоу -  адамгершілікке қайшы. Мәселен, баспалдақпен жоғары өрмелеу кезінде мүгедек жандар құлап кетсе, арты қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін.

"Қазір шоу авторлары іздестіріліп жатыр. Оларды кемінде айыппұл күтіп тұр", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Бұл шоудың қанша эпизоды түсіріліп үлгерді, ол жағы белгісіз. Дереккөздің айтуынша, түсірілім Алматыдағы студиялардың бірінде өткен.

Осы тұста әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Олардың басым бөлігі бұл жобаға жаппай қарсылық танытса, енді бірі қолдап жатыр. "Мүгедектерді қорлау ғой мына шоу. Жабылуы керек", "Дұрыс болған екен", "Егерде осындай шоуға қатысып, жақсы әсер алса - онда қолдауға тұрарлық дүние екен...Жалпы қатысушылардың ой-пікіріне қарауымыз керек", "Жапқаны дұрыс емес!" деп адамдар өз пікірін әлі де ортаға салуда. 

Не болса да, сол баспалдақ авторларының басына құлайын деп тұр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар