Мүгедек баланы ұрып-соққан мұғалімнің әрекеті камераға түсіп қалған

Қаракөз Амантай 13 ақп. 2024 10:39 2695

Әлеуметтік желіде еліміздің солтүстік өңірінде болған жантүршігерлік оқиғаның видеосы көпшіліктің ашуын тудырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Павлодардағы оңалту орталығының бірінде мұғалім мүгедек балаға қол көтерген. Оның бұл әрекеті ғимараттағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Ал соққыға жығылған баланың ата-анасы бұл істі бей-жай қалдырмайтынын жеткізді.

"Мұғалім жұмыстан шығарылды. Алайда біз оның осы ісі үшін қызметтен қуылып қана қоймай, жаза арқалағанын қалаймыз", - дейді олар.

Ал ашуға булыққан бұл отбасының туыстары орталықтың ақылы екенін айтады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар