Мұғалім шырша безендіру кезінде биіктен құлады: Бас прокуратура күдікті кім екенін айтты

Көркем Алдабергенова 24 қаң. 2025 09:02 2099

Семейде шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің ісіне қатысты істе күдікті қала әкімінің орынбасары болып шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған. 

- Тергеп-тексеру барысында мұғалімдерді кəсіби міндеттерімен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берген қала əкімінің орынбасары А. Хамзаев күдікті ретінде танылды, делінген жауапта. 

Атап айтқанда, Қуат Айтқалиевтің жарақат алу фактісі бойынша қалалық Полиция басқармасы ҚК-нің 632-бабының 4-бөлігімен (ауыр зардаптарға əкеп соққан билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру (22 желтоқсаннан бастап) жүргізіп жатыр. 

Қазіргі кезде жəбірленуші Қуат Айтқалиев емделу мекемесінен шығып, үй жағдайында жалпы практика дəрігерінің патронажын алды (9 қаңтардан бері). Жалпы жағдайы тұрақты, Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.

Сонымен қатар шыршаны безендіруге басқа да мұғалімдерді (5) заңсыз тартуға жол берген мектеп (No19 жəне No40) директорлары (А.А. Жүнісова мен Г.Е. Сүлейменова) тəртіптік жауапкершілікке (қалалық Білім бөлімінің 23.12.2024ж. No01-06/62-1 бұйрығымен «сө гіс » жарияланды) тартылды жəне Білім бөлім ін ің басшысы (Б.З. Булабаев) қызметінен босатылған (облыстық Білім басқармасының 23.12.2024ж. No01-02/447 бұйрығы).


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар