Млндаған теңгенің схемасы: Алматы облысында шенеунік сотталып кетті

Сағыныш Сардарова 19 мам. 2025 11:25

Алматы облысында шенеунік сотталып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткееваға және осы бөлімнің 7 бухгалтеріне үкім шығарды.

"Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы аудару арқылы 686 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, лауазымдық өкілетін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін ведомстволық бағынысты мектеп-гимназияға кәсіптік бағдар беруші лауазымына жұмысқа орналастырған, осылайша жалпы сомасы 4,9 млн теңге жалақы заңсыз төленген", - деп жазылған хабарламада.

Сот мынадай үкім шығарды:

  • Каткееваға мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым салынып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар