Мысыр әскері "батыс майданда" шоғырлануы тиіс делінген парламент қаулысында. Мысыр батыста Ливиямен шектесіп жатыр.
Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарулы күштердің осы бағытқа қарай қозғалысы Мысыр пен Түркия сарбаздарының қақтығысына әкеп соқтыруы әбден мүмкін.
Мысыр, БАӘ және Ресей ливиялық үкіметке қарсы шыққан қолбасшы Халиф Хафтар қарулы күштерін қолдап отыр. Шілденің басында ол Ливия астанасы Триполи қаласына шабылдаудан бас тартты, өйткені сол кезде Түркия Ливия үкіметін қолдайтынын мәлімдеген еді.