Министр Ресейге қанша бензин кеткенін есептеу неге қиын екенін айтты

Министр Ресейге қанша бензин кеткенін есептеу неге қиын екенін айтты
ашық дереккөз

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресейдегі жанармай тапшылығына байланысты Қазақстаннан қанша бензин шығарылғанын нақты есептеу мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің сөзінше, бензин Ресейге ресми түрде экспортталып жатқан жоқ. Алайда "жанармай туризмінің" көлемін есептеу қиын. Яғни көліктер Қазақстанға кіріп, жанармай құйып, кейін қайта шығып кетеді.

Министрлік мәліметінше, күн сайын шекарадан шамамен 4 мың жүк көлігі өтеді. Олардың бір бөлігі жанармайды көліктің багында алып шығады.

Осыған байланысты министрлік жанармайға арнайы молекулалар қосып, оның қай бағытта қозғалғанын бақылауға мүмкіндік беретін таңбалау жобаларын қарастырып жатыр.