Мемлекетке 231 млн теңгенің жер телімі қайтарылды

Қаракөз Амантай 04 ақп. 2024 15:44 2113


Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының көмегімен мемлекетке 231 млн теңге соммасында жер телімдері қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Шыңғырлау ауданының прокуратурасы жер заңдылығының сақталуы бойынша жүргізілген талдау қорытындысы негізінде шаруа қожалықтарымен жер телімдерін мақсатына сәйкес пайдаланбайтындығын анықтады.


Прокуратура жергілікті атқарушы органға ұсыну енгізді.



Қадағалау актісі негізінде мемлекетке 231 млн теңге соммасында жалпы көлемі 12 234 га 22 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылды.



Болашақта жер телімдері тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар