Кеше Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлихан Смайылов мемлекеттік аудиторлар жалпы құны 32 триллион теңге болатын 18 ірі тексеріс жүргізгенін айтты. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8 триллион теңгеге көп.
Президентке мемлекет пайдасына 112 миллиард теңге өндірілгені туралы мәлімет берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін Үкіметке және аудит нысандарына 96 ұсыныс пен 800-ге жуық орындалуға міндетті нұсқама жіберілген. Аудит қорытындысы бойынша 42 материал құқық қорғау органдарына жолданған.
Ведомство келесі жылы 40-қа жуық аудиторлық тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр.
