Тіпті Білім және ғылым министрлігі Мелдешов дауына қатысты комиссия құрып, тексеру жүргізген.
Бірақ арызда жазылғандай директордың туыстары мен жақындарын жұмысқа қабылдағаны және қызметкерлерге қоқан-лоқы көрсеткені дәлелденбепті. Сондықтан, министрлік Ж.Мелдешовты қайта басшылық орында қалдырған. Тек қызметтік этиканы бұзғаны үшін қатаң сөгіс жариялапты.
Ал интернетке тарап кеткен видеоға қатысты Ж.Мелдешовтынң өзі: «Жиын кезінде «қой» деп «Болашақтың» стипендиаттарын емес, ақшаға құныққан шетелдік университеттерді» айттым деп ақталды.
Сондай-ақ, комиссия осы дау аясында жұмыстан шығып қалған мамандарды да қайтару туралы шешім қабылдапты. Ал Мелдешов өзіне қарсы шыққан онға жуық қызметкерге еш ренжімейтінін айтыпты.
– Жұмысқа дүйсенбіден бастап кірістім. Біріншіден, ешкімге дөрекілік көрсеткен емеспін. Ондай болған жоқ. Сондықтан бұдан кейін де дөрекілік көрсетпеймін деген дұрыс емес әңгіме, – деді Жанболат Мелдешов.
Жәудір Оразхан
Дереккөзі:https: ktk.kz
https://dalanews.kz/24149