Мектепке киім алуға шыққан отбасы жол апатынан қаза тапты

Мектепке киім алуға шыққан отбасы жол апатынан қаза тапты
"Жетінші арна"

Шымкент - Бадам тасжолында болған жол апатынан бір әулеттің үш мүшесі қаза тапты. Арыс қаласынан Шымкентке мектепке қажет киім сатып алу үшін шыққан 44 жастағы әйел, жаңадан оқуға түскен қызы және бауырының 11 жастағы ұлы көз жұмған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы жағдай туыстарының көз алдында болған.

"Бұрылып, оқиға орнына бардым. Барсам, үшеуі де қайтыс болыпты", - деді марқұмның әкесі Ерғали Әзілбай.

Туыстары үш адамды жер қойнына тапсырған.

Шымкент Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.