Freedom Inside '26

Мектеп асханасынан құрт пен темір үгіндісі табылды

Мектеп асханасынан құрт пен темір үгіндісі табылды
pixabay.com

Қостанайда Бөкейхан атындағы мектептің асханасында санитарлық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, желтоқсан айында бракераждық комиссия тексеріс барысында азық-түліктен құрттар мен металл үгінділерін тапқан.

– Әр мектепте бақылау жүргізетін бракераждық комиссия бар. Желтоқсанда дәл осы комиссияның арқасында Бөкейхан атындағы мектепте өнімдердің ішінен құрт пен темір үгінділері анықталды, – деді Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Уразбаева.

Осы дерек бойынша жеткізушіні жосықсыз деп тану жөнінде сотқа талап-арыз жолданды. Сонымен қатар, аталған компаниямен 2026 жылға келісімшартты ұзарту мақұлданған жоқ.