Мектеп бітіре салып болашақ қалыңдығымен суретке түсіп, желіні шулатқан Дәулет "көршінің қызына ғашық болып қалған", - дейді әкесі.
– Не болды сонша, қай жақта жүрсің десем әке алыста емеспін, осында жүрмін деген. Соған қарағанда достасып жүрген қызы алыста емес, көршілес, өзіміздің аулада тұрады. Сол жағы маған жақсы болып жүр, – дейді көршісімен құда болуға қуанған әнші.
Бірнеше жыл бұрын жарынан айырылған әнші балаларымен ашық сөйлесетінін де жеткізді.