Майқайыңда іздестіріліп жатқан адамдардың тағы да заттары табылды

Сағыныш Сардарова 02 ақп. 2024 17:31 4173


Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Майқайыңда іздестіріліп жатқан құтқарушыларға қатысты жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Өңір әкімінің сөзінше, құтқарушылардың кейбір заттары табылған.



"Майқайың "Алтын" АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және де құтқарушының "XFERRA" қол радиостанциясы табылып, жер бетіне көтерілді", - деп жазды әкім.



Айта кетейік, 4 қаңтарда сағат 01.25 шамасында Баянауыл ауданында "Майқайың алтын" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен еді. Кейін екі адам өлі табылды. Ал екі адам әлі іздестіріліп жатыр.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар