"Майқайың алтын" АҚ өңдеу зауыты кеніштегі апатты тергеу жөніндегі комиссияның талабы бойынша өз қызметін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың айтуынша, кәсіпорын барлық анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін ғана жұмысын жалғастыра алады.
Шенеунік жұмысты қалпына келтіру үшін бірқатар шара жүзеге асырылатынын атап өтті. Нақтырақ айтсақ, үйінді салдарларының тәуекелін бағалауға ғылыми сараптама жүргізіліп, жұмысшыларды соққы толқынынан қорғау үшін секіргіштер орнатылады. Бұл шара осы жылдың 30 наурызына дейін жүзеге асырылуы тиіс.
Еске салайық, бұған дейін "Майқайың алтын" кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын. Осыған байланысты "Майқайың алтын" кәсіпорынның жұмысы 1 сәуірге дейін тоқтады.