Майнерлер бюджетке 2,1 млрд теңге төледі

Сағыныш Сардарова 31 нау. 2026 10:44

Қаңтар-ақпан айларында цифрлық майнинг үшін төлем көлемі 2,106 млрд теңгеге жетті. Оның 81%-ы Астанаға, 15,4%-ы Алматыға тиесілі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылы бюджетке майнингтен 6,72 млрд теңге түскен.

Цифрлық майнингке төлем тұтынылған электр энергиясының көлеміне қарай есептеледі. Тариф - 1 киловатт-сағат үшін 1 теңге.

Қазіргі таңда биткоин бағасы шамамен 67,5 мың доллар деңгейінде саудаланып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк көктемде алтын-валюта резервтерінен 350 млн долларға дейін криптоактивтерге инвестиция салуды жоспарлағанын мәлімдеген еді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove