Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әшімбаев 2019 жылдың желтоқсанынан бері ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып келген.
2 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының өкілеттігі тоқтатылды. 4 мамырда ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып, онда "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Д.Н.Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы" қаулы қабылданды.
Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласында туған.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті (1993), экономист
- АҚШ-та тағылымдама, Джон Хопкинс университеті, Халықаралық зерттеулер мектебі (09.2003 – 01.2004)
- Тафтс университетіндегі Флетчер атындағы заң және дипломатия мектебі.